Маңғыстауда бес жасөспірім суға батып кетті: біреуі қайтыс болды

0
518

Оқиға орнына 3 төтенше жағдай қызметкері, 1 техника және 1 жүзу құралы мен жедел жәрдемнің 4 бригадасы жіберілген.


Маңғыстауда бес жасөспірім суға батып кетті: біреуі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан 63 шақырым жерде 5 жасөспірім суға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 18 маусымда болған.
"Сағат 15:56-да құтқарушыларға ақпарат келіп түсті. Ақтау қаласынан 63 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауы маңындағы "Көгілдір айлақта" шомылуға тыйым салынған жерде 5 жасөспірім суға батып кеткен. Олардың үшеуі өз күштерімен жағаға шыққан, ал екеуін сондағы кісілер құтқарған", - дейді ведомство.
Оқиға орнына 3 төтенше жағдай қызметкері, 1 техника және 1 жүзу құралы мен жедел жәрдемнің 4 бригадасы жіберілген.
Оқиға салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болды. Ал төрт жасөспірім ауруханаға жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер балалардың жағдайы орташа ауыр, ал жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірімнің жағдайы өте ауыр дейді.