Маңғыстауда бір топ жасөспірімнің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

0
939

Олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.


Маңғыстауда бір топ жасөспірімнің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Шетпе ауданында 16 мен 18 жас аралығындағы бір топ жасөспірім жаппай төбелеске шыққан, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 8 қазан сағат 22.00 шамасында Шетпе ауылындағы теміржол вокзалының жанында болған. Олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олардың әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықталды. Бұл факт бойынша ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.