Маңғыстауда үш баласын өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

0
624

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Маңғыстауда үш баласын өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш кішкентай баласын өлтірді деп айыпталған ер адамның үстінен қозғалған қылмыстық істі қарады, деп жазады zakon.kz.

"Лада" басылымының жазуынша, сот сотталушы балтамен және ас үй пышағымен үйге қасақана келіп, үш жас баласын ерекше қатыгездікпен өлтіргенін анықтаған. .

"Сотталушы Е.-нің кінәсі жәбірленушінің, сотталушының өзінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденген", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша кінәлі деп танылып, оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жантүршігерлік қылмыс 2023 жылғы 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынаудандағы №46 үйде болды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап өлтірген. Оқиға орнына барған полицейлер ер адамды ұстаған, ал пәтерден зорлықпен өлтірілген 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіті табылды.