Маңғыстаулық оқушының жағдайы екпе алғаннан кейін нашарлаған

0
1 076

Дәрігерлер баланы Астанаға апаруға дайындап жатыр.


Маңғыстаулық оқушының жағдайы екпе алғаннан кейін нашарлаған

ERNUR.KZ. Мұнайлы ауданының Маңғыстау-5 ауылында 10 жасар оқушы қызылшаға қарсы екпе алған соң жағдайы нашарлап кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің xабарлауынша, ұл бала қаңтар айынан бері ауырады. Баланың нақты неден ауырғанын тексеру қорытындысы анықтамақ. Ал баланы ата-анасы бұл екпеден кейін пайда болған деп отыр.

«Балам мектепте екпе алып келгеннен кейін, басының ауырғанын айтты. Ішкен дәрілері көмектеспеді. Ауырғаны үдей түсті. Жедел-жәрдем шақырдық. Олар келгенде балам есінен танып қалды. Оны дереу Ақтауға алып кетті»,- дейді ата-анасы.

29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында жергілікті балалар ауруxанасында стационарлық ем алған. Бірақ, бұл еш көмектеспеген. Осыдан соң, 28 қаңтар мен 6 наурыз аралығында облыстық балалар ауруxанасының неврология бөлімінде ем алады. 7 наурыз күні невропотолог дәрігерлер 6 сағаттық ЭЭГ зертеуін жүргізеді. Тексеріс нәтижесі бойынша «эпилепсия» диагнозы қойылған. Бірақ, ем алғанына қарамастан баланың басының ауруы қоймаған. Қазір дәрігерлер баланы Астанаға апаруға дайындап жатыр.