Ол бұл қызметке 2022 жылдың ақпанында тағайындалған еді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.
Оның орнына Ержан Сәденов тағайындалды. Ол бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Ержан Сәденов кім
Полиция генерал-майоры Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.
Ержан Сәденов
© Photo : Департамент полиции города Нур-Султан
1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары ШҚО-да ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, одан бөлек Өскемен қаласы ІІБ-нің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ІІМ "Р" департаментінің бастығы, көліктегі ІІД бастығы, Ақмола облысы және елорданың полиция департаментінің бастығы сынды лауазымды қызметтер атқарған.