Өңір басшысы қорғаныс бөгеттерін нығайту және ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғасуы тиіс екенін атап өтті.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Халықтың алаңдаушылығын тудыратын учаскелердің бірі - Тайтөбе ауылының аумағында орналасқан Нұра өзенінің жағалауы. Мұнда Мүсірепов көшесінің бойында ұзындығы шамамен 1 км, биіктігі 1,5 метрден асатын қорғаныс бөгеті тұрғызылды, 300 қап дайындалды. 3-шағын ауданда қорғаныс жер үйіндісін нығайту бойынша жұмыстар атқарылды.
Өңір басшысы қорғаныс бөгеттерін нығайту және ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғасуы тиіс екенін атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – аула аумақтарын, үйлерді және тұрғындардың мүлкін су басуына жол бермеу. Олардың алдын алу бойынша барлық жұмыстарды жүргізу қажет. Сондықтан жұмысты жалғастырыңыздар. Қорғаныс бөгеті алдағы жылдарға да сенімді болуы тиіс», - деді облыс әкімі.