Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті

0
844

Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады.


Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті. Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ол 2022 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылған, бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болды.

2007-2010 жылдары Марат Бекетаев әділет вице-министрі қызметін атқарған.

2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2016-2022 жылдары әділет министрі болды.