Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

0
1 020

Тәжин 2019 жылдың 24 наурызынан 18 қыркүйекке дейін мемлекеттік хатшы қызметін атқарған еді.


Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тәжин 2019 жылдың 24 наурызынан 18 қыркүйекке дейін мемлекеттік хатшы қызметінде болатын. Оның орнына Қырымбек Көшербаев келген еді.

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген.

«Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері.

Төтенше және өкілетті елші дәрежесіне ие.