Марат Тоқжанов енді әлеуметтік мәселелерге жетекшілік етеді
ERNUR.KZ. Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аппарат кеңесі барысында Президент Әкімшілігіндегілермен келісілген жаңа орынбасарды таныстырды. Марат Тоқжанов енді әлеуметтік мәселелерге жетекшілік етеді.
Марат Тоқжанов 1965 жылы Теректі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Ол 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі, 2010-2012 жылдары БҚО білім басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, 2013 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.