Зардап шеккен қыздың қабырғалары сынған, қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр.
ERNUR.KZ. Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдай 9 мамыр сағат 4.20-да "Құрылысшы" шағын ауданында болды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлаған.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын айтты. Сондай-ақ іші, кеуде тұсы зақымданған. Қабырғалары мен жіліншігі сынған.
Облыстық басқарманың баспасөз қызметі терезеден құлаған қыздың мас болғанын нақтылады. Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.