"Мас болған": Риддерде әйел екі жасар ұлын балконнан құлатып алды

0
852

Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.


ERNUR.KZ. Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 27 қаңтарда болған.

"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", - деп хабарлады ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.

Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.