Мас әйел Ақтаудағы сауда орталығын "жарып" жібере жаздаған

0
2 296

Құқық қорғау органдарына күдікті зат туралы хабарлама келіп түскен.


Мас әйел Ақтаудағы сауда орталығын

ERNUR.KZ. 63 жастағы әйел мас күйінде Ақтадағы сауда орталығында жарылыс құрылғысы бар деп мәлімдеген, деп жазады Stan.kz.

Ақтауда 9-шы шағын аудандағы "Ардагер" сауда орталығы қоршалған еді. Құқық қорғау органдарына күдікті зат туралы хабарлама келіп түсті.

Ақтау полициясы сағат 14.00-де "Ардагер" сауда орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

Сауда орталығының бөлмелері тексерілді, жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты.

"Полиция қызметкерлері бұл факт туралы жалған ақпарат берген адамды анықтады. Ол Ақтаудың 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, оның мас күйінде болғаны анықталды", - деді баспасөз қызметі.

Мән-жайды анықтау мақсатында әйел Ақтау қалалық полициясына жеткізілді.