Мәскеуде қазақстандық студентке сот үкімі шықты

0
927

Аспирант университеттің әжетханасында 28 жастағы мұғалім Александр Дмитриевке пышақпен ұмтылған.


Мәскеуде қазақстандық студентке сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің мұғалімін пышақтап тастауға ниеттенген қазақстандық студентке қатысты үкім шықты, деп жазады qamshy.kz.

Жаслан Құдайбергенов төрт жыл бас бостандығынан айырылған. Ол кесілген мерзімді жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Құдайбергеновті сотта мәскеулік адвокат қорғады. Оны айыпталушының ата-анасы жалдаған. Істің мән-жайын тексеру тоғыз айға созылды. Осы уақыт аралығында жас жігіт өзін ұстап отырған қызметкерлер үстінен шағым айтқан жоқ және қазақстандық дипломаттармен жолығудан бас тарты.

27 жастағы Жаслан Құдайбергенов Орынбор облысының Кеңсай ауылында дүниеге келген. Байқоңыр қаласында тіркелген Қазақстан азаматы болып есептеледі. Мәскеуде 2011 жылдан бері тұрып жатыр екен.

Оқиға 2018 жылдың 29-маусымында орын алған. Аспирант университеттің әжетханасында 28 жастағы мұғалім Александр Дмитриевке пышақпен ұмтылған. Оқиға орынына келіп жеткен полиция қызметкерлері жаралы мұғалімді тауып, оны ауруханаға жеткізді. Өз кезегінде мұғалім полиция қызметкерлеріне белгісіз адам жарақаттап кеткенін айтқан.

Шабуыл жасап, жарақат салған Жаслан оқиға орынынан із суытқан. Келесі күні қаланың ІІД оның қолға түскені туралы ақпарат жариялады. Қазақстандық азаматты екі айға уақытша тергеу изоляторына қамап, оның үстінен "Денсаулыққа саналы түрде жарақат салу" бабы бойынша іс қозғалды.

Ал күдікті өз кезегінде шабуылын екеуара түсініспеушілік пен мұғалімді жақтырмауынан туған қадам екенін айтқан.