Маңғыстау бала туудан Оңтүстік Қазақстаннан озып кетті

0
1 480

2017 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,5 жасты (2007ж. – 28,0) құрады, қалалық мекендерде – 28,7 (2007ж. - 27,8), ауылдық мекендерде – 28,2 (2007ж. – 28,3).


Маңғыстау бала туудан Оңтүстік Қазақстаннан озып кетті

ERNUR.KZ. Әрбір бесінші қазақстандық дүниеге келетін Оңтүстіік Қазақстан обысы былтыр бала туудан екінші орында қалып қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша елдің өңірлері бойынша ең жоғары Туудың жалпы коэффициенті Маңғыстау облысында (3,78). Екінші орында Оңтүстік Қазақстан (3,62) облысы.

Ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,67) мен Қостанай (1,73) облысында байқалды.

2017 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,5 жасты (2007ж. – 28,0) құрады, қалалық мекендерде – 28,7 (2007ж. - 27,8), ауылдық мекендерде – 28,2 (2007ж. – 28,3).

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,6 жасты, Астана қаласында 29,4 жасты құрады.

Жалпы, 2017 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 390 262 туғандар тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде – 226 847 адам, ауылдық – 163 415 адам. Туғандардың 51,7% (201 756) ер балаларды және 48,3% (188 506) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады. 2007 жылмен салыстырғанда туғандар саны 21,2% (ер балалар – 21,7%, қыз балалар – 20,5%), қалалық мекендерде – 30,1%, ауылдық мекендерде – 10,7% артты.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2017 жылы 21,64 туғандарды құрады, қалалық мекендерде - 21,94 (2007ж. – 21,27), ауылдық мекендерде – 21,22 (2007ж. – 20,25) құрады.