Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттарына дауыс беруге арналған бюллетень көлемі өзгерді, деп жазады tengrinews.kz.
"Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік. Егер әдеттегі А4 емес А 5 қағазын қолданатын болсақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады. Ал 8-і позиция барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан астам болса, онда бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.