Мәжіліс депутаты Ресей депутатына жауап берді

0
482

Марат Башимов Ресейдің заң шығарушы тармағы өкілдерінің мұндай пікірлерін орынсыз деп есептейтінін жеткізді.


Мәжіліс депутаты Ресей депутатына жауап берді

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Марат Башимов ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты айтқан пікіріне жауап берді, деп жазады baq.kz.

Әріптестер, біз тағы да Мемлекеттік Думаның кейбір депутаттарының Қазақстанға қатысты жағымсыз мәлімдемелерін көріп отырмыз. Егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымыз туралы жалған, арандатушылық мәлімдемелерімен танылып үлгерген депутат Федоров тағы да себепсіз хайп қуып отыр. Біріншіден, ол сепаратизм үшін сотта лайықты жазасын алған «Петропавл халықтық кеңесі» деп аталатын жиынға қатысушылардың үкіміне қатысты пікір білдірді, – деді ол.

Сонымен қатар Башимовтың сөзінше, ресейлік депутат Қазақстанды «толық құқықтық сипатта емес аумақ» деп атаған. Ол еліміздің барлық қажетті процедураны орындамай, тәуелсіздік алғанын алға айтып отыр.

13 жасар бала сияқты ойлайтын Мемлекеттік Дума депутатының арандатушылықтарына пікір айту қиын болса да, мен бар күшімді салып көрейін. Федоровтың сөзі тарихқа қайшы келеді. Ол фактілерді дөрекі түрде қолданып, КСРО-ның ыдырау процесі қалай өткені туралы әдейі үнсіз қалып отыр. Сонымен бірге Федоров өз Президентінің ресми саясатына қарсы шығып отыр. Қазақстанға соңғы сапары барысында Владимир Путин Қазақстан-Ресей серіктестігі «өзара құрмет, егемендікті, аумақтық тұтастықты тану және ішкі істерге араласпау қағидаттарына негізделгенін» атап өтті, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты.

Марат Башимов Ресейдің заң шығарушы тармағы өкілдерінің мұндай пікірлерін орынсыз деп есептейтінін жеткізді.

Олар ең алдымен Ресейдің біздің негізгі және стратегиялық серіктесіміз ретіндегі ұстанымына нұқсан келтіреді. Федоровтың және басқалардың барлық психологиялық жарақаты БАҚ пен парламентте емес, психиатр диванында шешілуі керек. Егемендік туралы Декларация жарияланғаннан бері Қазақстан БҰҰ Жарғысын ұстанатын және негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын күшті және тәуелсіз мемлекет құрды, - деп айтты ол Мәжілісте.

Депутат атағандай, еліміз барлық көршісімен шекарасын толығымен делимитациялады.

Бізде кеңестік өткеніміз туралы құлдық сана жоқ, біз тәуелсіздік алып, халықаралық деңгейде танылдық. Мен ресейлік әріптестерімді мұндай өте нәзік саяси мәселе жайлы сөз қозғамас бұрын ойлануға шақырамын. Бұрынғы ортақ кеңестің өткені туралы естеліктеріңіз тек тарих кітаптарында ғана қалды, - деп айтты депутат Марат Башимов.