Медиа құрылтайда әлеуметтік желінің бұғатталатыны айтылды

0
1 070

Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шыққан уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілер ашылмай қалып жатыр


Медиа құрылтайда әлеуметтік желінің бұғатталатыны айтылды

ERNUR.KZ. Алматыда қазақстандағы БАҚ нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы медиа құрылтай өтіп жатыр. Қазақстандағы ақпарат құралдарының иелері, басшылары мен бас редакторлары, сарапшылар, журналистер мен саясаттанушылар медиа нарығын дамытуға қатысты мәселелерді талқылап жатыр, деп жазады azattyq.org.

Құрылтайда сөйлеген Айдос Сарым Қазақстанда көп телеарна Қазақстан заңдарымен жұмыс істегенімен, "тіл туралы ережелерді сақтамайтынын" айтты. Ол сонымен қатар оппозициялық саясаткер, шетелде қуғында жүрген Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шыққан уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің ашылмай қалатынын жеткізді.

Қазақстан журналистер академиясының президенті Сағынбай Қозыбаев интернетті бақылауды "дұрыс" санайтынын, себебі интернетте "қажетсіз нәрселер" салынатынын айтты.

Құрылтайда сөйлеген медиа мамандары теледидар көрермендері азайғанын, оны көбейту үшін бағдарламалардың сапасын арттырып, қазақ тіліндегі контент санын көбейту керегін айтты.