Медведевтің көмекшісі "Вконтакте" желісіндегі жазбасына қатысты түсініктеме берді

0
467

​Медведевтің парақшасында геосаясатқа қатысты пост пайда болды. Алайда ол тез арада өшірілді.


Медведевтің көмекшісі

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің "Вконтакте" желісіндегі парақшасына шабуыл жасалды. Мұны оның көмекшісі Олег Осипов растады, деп жазады sputnik.kz.

Медведевтің парақшасында геосаясатқа қатысты жазба пайда болды. Алайда ол тез арада өшірілді.
"ВК желісінде Дмитрий Медведев салған соңғы жазба Әскери теңіз флоты күнімен құттықтауға арналған. Ал өшірілген мәтінді жазған парақшаға шабуыл жасағандар. Бұл мәселеге қатысты ВК әкімшілігі тексеру жүргізеді", - деді Осипов журналистерге.