Мектепте парақша таратқан оқушының анасы жауапқа тартылды

0
663

Заң бойынша мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.


Мектепте парақша таратқан оқушының анасы жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының анасы жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.

Байқоңыр ауданындағы мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға парақша таратып жүргенін байқаған. Ішінде заңсыз әрекеттерге үндеу болды. Педагог бірден полицияға хабар берді. Мектепке жедел тергеу тобы барып, баланың осы әрекетке не үшін барғанын анықталды. Жасөспірім компьютерде мәтін жазығанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындады. Соның бәрін әзіл үшін істеген.
Заң бойынша мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Бірақ балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оқушының анасына айыппұл салынды. Айыппұлдың көлемі 36 920 теңгені құрайды.