Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа мектептерде хиджаб киюге рұқсат беріле ме? - деген сауал қойды.
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың хибдаж киіп мектепке келуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан мектептерде хиджаб киюге рұқсат беріле ме? - деген сауал қойды.
«Бәріміз білеміз, Конституцияда жазылғандай, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан мемлекет те, мектептер де Конституцияға сәйкес өмір сүруі керек деп ойлаймын. Зайырлы мемлекеттік заңды орындауға тиіспіз. Мектепте балалардың білім дағдыларын қалыптастырған кезде ол заң талаптарына сәйкес жүргізілуі керек», - деген жауап қатты Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, министр аталған сауалға нақты «иә» немесе «жоқ» демеді.
Бүгін Үкімет отырысында қаралған сұрақтардың бірі жаңа оқу жылына дайындық барысы. Биылғы оқу жылындағы өзгерістермен толығырақ осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.