Мектептердегі бейнебақылау камералары «Сергек»-пен бірігеді

0
1 204

​«Сергек» фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудың арқасында қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түскен.


Мектептердегі бейнебақылау камералары «Сергек»-пен бірігеді

ERNUR.KZ. Астана мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп жазады Елорда Инфо.

«Сергек» фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудың арқасында қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

«Біз мектептерге бейнебақылау камераларын орнату және оны «Сергек» жобасымен біріктіру жұмыстарын бастадық», - деді ол сөз баяндамасында.

Оның айтуынша, Астананың жолдары - еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың бірі.

«Елордалық жүргізушілер тәртіпті болды, бұл жол апаты көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Жобаның арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасындағы өлім екі есеге (60-тан 34-ке дейін) азайып, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 20%-ға төмендеді», - деп қосты спикер.