​Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына үміткер

0
2 032

Танымал табиғат жанашыры басты саяси додаға бұған дейін 2005, 2011 жылдары екі рет түскен еді.


​Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына үміткер

ERNUR.KZ. Белгілі эколог сайлауға өзі басқаратын қоғамдық ұйымның атынан түспекші, деп жазады ktk.kz.

Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізу үшін бүгін Алматыдан Елордаға дереу ұшып келіпті.

Елеусізов осы саяси науқанды пайдаланып, өзекті экологиялық мәселелерді көтермек ойда. Оның айтуынша, әлемдік климат жарты градусқа жылып кеткен. Су тасқындарының көбеюі, жыл сайын қайталануы соның әсері дейді. Өзі басқаратын ұйымның мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта партия құрып, Парламент сайлауына да қатыспақшы. Ал осы жолы Президенттікке үміткер ретінде тіркеле алмай қалғанның өзінде үгіт-насихат шараларын тоқтатпайтынын айтып отыр.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

- Бұған дейін сайлауға екі рет қатыстым. 30 жыл осы экология мәселелерін көтеріп жүрмін. Сондықтан көп адам мені біледі. Бірақ мені кандидат ретінде өткізбесе де әрі қарай жұмыс істеймін.