Мемқызметкерлерге материалдық өтемақы төленеді

0
451

Мемлекеттік қызметкерлердің баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керек, деді президент.


Мемқызметкерлерге материалдық өтемақы төленеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекқор мемлекеттік қызметкерлерге материалдық өтемақы төлеу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.



Мемлекет басшысының айтуынша, жеке сектордан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдау ережесін анағұрлым еркін әрі жеңіл етіп жасау қажет. Себебі бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да секторларда табысты еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті. Осы орайда мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізуді жалғастырған жөн. Ал мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жеке сектормен бәсекелес еңбекақы белгілеу керек.
"Әрине жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын. Мәселе – өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз", - деді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.
Мемлекеттік қызметкерлердің баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керек.
"Бұл мәсееле бойынша Сингапур және басқа да елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру қажет", – деп атап көрсетті Тоқаев.