Мемлекет басшысы баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарды ақы төленетін еңбек демалысына жіберуді тапсырды

0
1 222

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, медициналық мекемелер мен азаматтарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді жүктеді.


Мемлекет басшысы баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарды ақы төленетін еңбек демалысына жіберуді тапсырды

ERNUR.KZ Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жедел әрекет ету штабының отырысы болып өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Президент баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарды ақы төленетін еңбек демалысына жіберуді тапсырды. Мемлекет басшысы жұмыс берушілермен осы тапсырманы іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізуді жүктеді.

Сонымен қатар Үкімет фискалды механизмдер арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдауға міндеттелді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, медициналық мекемелер мен азаматтарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді жүктеді.