Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды

0
757

2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.