Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді.
Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді", - деп жазды Берік Уәли.