Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгеніне көз жеткізді

0
1 108

Президент азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді.


Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгеніне көз жеткізді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.

Ал қала тұрғындарымен кездесу барысында Мемлекет басшысы азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс.

Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.