​Мемлекет басшысы жаңа хоббиі жайлы әңгімелеп берді

0
1 298

Әкем "Ұйқы бермедің" деп тартып алғанға дейін есік алдында жастармен бас қосып, тартатынмын.


​Мемлекет басшысы жаңа хоббиі жайлы әңгімелеп берді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сурет салуға қызығушылығы артып жүргенін айтты, деп жазады sputniknews.kz.

"Ұзақ өмір сүру үшін айналысатын дүниелер көп болуы керек дейді. Тіпті, зейнетке шыққан соң да шет тілдерін меңгеріп, миды жаттықтырып, ғылыми әдебиет оқып немесе сурет салу қажет. Айтпақшы, мен де сурет салып жүрмін. Маймен сала бастадым", – деді Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Бүгінде президент 20 картина салып үлгерген. Алайда, оның айтуынша, көрме ұйымдастыру үшін 25 картина болуы керек.

Сондай-ақ, Назарбаев жас кезінде музыканы жақсы көріп, түрлі аспапта ойнауды үйренгенін еске алды.

"Менің отбасымда бәрі ән салады – анам сондай кісі болды. Бірде баян тартып үйренгім келді. Ауылда ата-анам маған баян сатып әпере алмады. Содан жаз бойы сабан кірпіш құйып, 35 рубль жалақы алдым. Кейін соның 28 рубліне баян сатып алдым. Әкем "Ұйқы бермедің" деп тартып алғанға дейін есік алдында жастармен бас қосып, тартатынмын. Домбыраны кез келген қазақ шамалы болса да шерте алады. Гитараны меңгергім келіп, жуырда үйрене бастадым. Бірақ оңай аспап емес екен", – деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев теннис, гольф, жүзу және тау шаңғысы секілді түрлі спорт түрімен шұғылданады. Алғаш рет ол тау шаңғысымен 55 жасында сырғанаған екен.