Мемлекет басшысының шақыруымен Швейцария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

0
1 065

Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.


Мемлекет басшысының шақыруымен Швейцария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Швейцария Президенті Ули Маурердің Қазақстанға жоспарланған ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының Президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.

22 қарашада мемлекеттер басшылары «Ақорда» резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады», - деп жазды Берік Уәли.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді деп жоспарланған.