Қазақстан мемлекеттің қолдауымен түсірілген 50-ден астам сериалды басқа елдерге сатқан.
ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп жазады inbusiness.kz.
“Соңғы бес жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстанға сатылды", - деді Асқар Омаров.