Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды

0
896

Панбаев Азамат Серікұлы 1987 жылы туған.


Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды

ERNUR.KZ ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды, деп жазады inform.kz

Панбаев Азамат Серікұлы 1987 жылы туған. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінен бастап, сарапшыдан басқарма басшысына дейін жоғарылаған. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.