Мемлекеттік кірістер комитетіне төраға тағайындалды

0
1 387

Білімі – экономист-қаржыгер.


Мемлекеттік кірістер комитетіне төраға тағайындалды

Қаржы министрі Смайылов Әлихан Асханұлы Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымына жаңа Төрағаны таныстырды. Комитеттің Төрағасы болып Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі – экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласында салық органдары жүйесінен бастап, әр түрлі лауазымдарда ұзақ уақыт қызмет еткен. Кейінірек, Қаржы министрлігінде департамент директоры, одан соң – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, өткен жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.