Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі тағайындалды

0
961

Талғат Уәли 1988 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.


Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі болып Талғат Уәли тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Талғат Уәли 1988 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2009 жылы «Қайнар» Семей университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасында журналист қызметінен бастаған. 2011 «Қазақстан» РТРК Семей филиалында редактор-жүргізуші, 2012 жылы «ЭРА» ЖШС Жетінші арна текекомпаниясының жаңалықтар қызметінде журналист болып жалғастырды.

2015 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінде журналист болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бастап «Atameken Business» мультимедиялық телеарнасының жаңалықтар қызметінде арнайы тілші, тележүргізуші және президенттік пул журналисті болып қызмет атқарды.