​ Мемлекеттік қызметте неге басшы көп, орындаушы аз – агенттік жауабы

0
411

Осы орайда агенттік төрағасы басшыларды азайту қолға алынғанын айтты.


​ Мемлекеттік қызметте неге басшы көп, орындаушы аз – агенттік жауабы

ERNUR.KZ. Елімізде мемлекеттік қызмет саласында басшылар саны азайтылады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Бұл — бізге дейін болған нәрсе. Былтыр біз талдау жасадық, қарап отырсақ басшы көп, орындаушы аз. Осыны реттеу үшін нормативтік акті қабылдау керек. Осылайша былтыр жыл аяғында басшы мен орындаушы арасындағы міндеттерді реттеу туралы бұйрыққа қол қойдым. Оған сәйкес, егер мемлекеттік органда 500 қызметкер болса, соның 30% басшы, қалғаны орындаушы болу керек», — деді Дархан Жазықбай Jibek joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында.

Осы орайда агенттік төрағасы басшыларды азайту қолға алынғанын айтты.

«Қазір мемлекеттік органдарда осы бұйрықты іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Біз бұйрық бердік, олар орындау керек. Орындалмаса заң аясында тәртіпке шақырамыз», — дейді ол.