Мемлекеттік қызметтердің 80%-ын үйде отырып алуға болады – Жайылғанова

0
812

Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбесе де болады.


Мемлекеттік қызметтердің 80%-ын үйде отырып алуға болады – Жайылғанова

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ОКҚ-де өткен онлайн брифинг кезінде айтты, деп жазады baq.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирус пандемиясын жариялауына және Республикамыздың президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төтенше жағдайды енгізуіне байланысты мемлекеттік аппаратқа халық тыныс-тіршілігінің барлық салаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Бүгін біз жаңа талаптар жағдайында барынша бірлесе отырып, алдын ала әрекет етуіміз қажет, - деді Анар Жайылғанова.
Сонымен қатар, азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей, қызметтердің 80%-ын қашықтықтан алуға болады.
Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, қажетті көрсетілетін қызметтер көлемін алуларын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеулері керек. Қазіргі уақытта азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-ын үйде отырып ала алады, - деді Агенттік төрағасы.
Жайылғанованың айтуынша, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуы, соның ішінде өтініштерді мемлекеттік органдардың call-орталықтары және онлайн-қабылдау арқылы азаматтарды қабылдау үшін ақпараттық жүйелер мен порталдардың үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аудару қажет.
Осы күрделі кезеңде біздің отандастарымыздың жайлылығы мемлекеттік органдарға байланысты. Алайда, қазір мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтауға көңіл бөлу өте маңызды. Қалыптасқан жағдай коронавирустық инфекцияның таралу қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді, - деді Анар Жайылғанова брифинг барысында.