264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласына азық-түлік жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.
Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.