Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қатаң жаза қолданылады

0
752

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшерін 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр.


Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қатаң жаза қолданылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтқан, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Үкімет басшысына отандық сенаторлар депутаттық сауал жолдап, мемлекттік рәміздерге қорлағандарға заңды күшейтуге, айыппұл мөлшерін екі есе арттыруды және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды талап еткен-ді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабында көзделген жауапкершілікті қатаңдатуды, соның ішінде ең жоғары айыппұлды 2 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімін 600-ден 900 сағатқа дейін ұлғайту бойынша түзетулерді мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 АЕК - 3 180 теңгеге тең. Бұл ретте мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9 540 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуі қажет болады.