​Мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға қашан рұқсат беріледі

0
1 386

Вице-премьер Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға қашан рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға қашан рұқсат беріледі


фото ашық дереккөзден

Вице-премьер Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға қашан рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вице-министр бірқатар нұсқаулықтарға өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын айтты. «Мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат ету мәселесі қыркүйекке дейін шешілуі тиіс. Бірақ, смартфон пайдаланған соң олардың жауапкершілігі бірнеше есе артады», - деді А.Жұмағалиев. Оның айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында смартфон пайдаланудың өзектілігі арта түседі. «Смартфон тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес бүгінде кез-келген азаматқа қажетті девайс. Себебі, смартфон арқылы баланы балабақшаға кезекке қойып, дәрігерге жазылып, мемлекеттік қызмет алуға болады. Осы мақсатта қазір жұмыс жасалып, арнайы платформа құрылғалы жатыр», - деді вице-премьер.

Айта кету керек, бүгін вице-премьер Асқар Жұмағалиев «Қазпошта» АҚ 4 келілік сәлемдемелерді тасымалдайтын дрондарын тестілеу шарасына қатысты.