«Мен бәрінен айырылдым»: экс-банкир Жомарт Ертаев сотта соңғы сөзін айтты

0
776

Аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған экс-банкир жасаған қылмысына өкінетінін айтып, туыстарынан кешірім сұрады.


«Мен бәрінен айырылдым»: экс-банкир Жомарт Ертаев сотта соңғы сөзін айтты

ERNUR.KZ. Бүгін Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлады деген айыпталған Жомарт Ертаев Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында соңғы сөзін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Екі жылдан астам уақыт қамауда болған экс-банкир бұрын қой баққанын, барахолкада сауда жасағанын айтты. Өмір тарихын баяндаған Ертаев жасаған ісіне өкінетінін, алайда мақтанышпен айта алатын алатын сәттері де көп екенін жеткізді.

«Ақша бақыт әкелмейді. Мен бәрінен айырылдым: ақша, бедел, бостандық... Мен осыған лайықпын. Мансап иеленген кезде алдыма баю туралы міндет қоймадым. Мен әдемі өмір сүруге құмарттым. Мен ең алдымен, туыстарымнан және достарымнан шын жүректен кешірім сұраймын. Біздей ақымақтарды кешіріңіздер. Ұстамдылығы, қолдауы және кәсібилігі үшін қорғаушыма алғыс айтқым келеді.
Құрметті сот, адвокатым екеуміз сотқа оң мінездеме бере алмадық. Қазір қаншалықты таңғаларлық болса да айтайын, өткен өмірімде мен шынымен мақтана алатын көп дүние бар. Мен жаһандық бизнес-жобаларды құруға қатыстым, төрт күндік жұмыс аптасын енгіздім, қайырымдылықпен айналыстым. Кедей отбасында дүниеге келдім. Еден жуып, қой бағып, барахолкада жұмыс істедім», - деді экс-банкир.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыруға қатысты тергеу 2017 жылы басталып, Жомарт Ертаев 2018 жылдың 8 мамырында қамауға алынды. Тергеу дерегінше, ақша жымқыру 6 жылға жалғасқан. Жымқыруға қатысы бар 36 банкирдің үстінен жүріп жатқан қылмыстық іс 700 томнан тұрады.

Ертаев сөзінің соңында жәбірленушілермен есеп айырысып, балаларының өсіп-өнуіне жағдай жасағысы келетінін айтты. Ал мемлекеттік айыптаушы 48 жастағы Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.