​Менингококк тағы бір адамға ажал құштырды

0
1 884

Жыл басынан бері осы аурудан сегіз адам көз жұмды. Төрт адам Алматы қаласында, Алматы облысында және ОҚО-да екі адамнан.


​Менингококк тағы бір адамға ажал құштырды

фото proinfekcii.ru

ERNUR.KZ.Алматы облысында менингококты инфекциядан 22 жастағы жігіт қайтыс болды. Оқиға 28 сәуірде Алматы облысы Қарасай ауданында тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметінше, қайтыс болған жігіттің "Алтын Орда" істегенін айтады. Жігіттің жасы 22-де болған. Оның неден қайтыс болғаны клиникалық мәліметтің негізінде анықталды.

"Осы жағдайға қатысты тексеру жүргізілді, инфекцияның ары қарай тарап кетпеуі үшін кешенді шаралар өткізілді. Қайтыс болған адаммен бес адам байланысқа түскені анықталды, олар медициналық бақылауда, зертханада тексерілді, олар жұқтырмаған", - деді департаменттегілер.

Осыған дейін, Талдықорғанда үш жасар қыздың балалар ауруханасында қайтыс болғаны туралы хабарланды. 28 мамырда 15:40-та ол ауруханаға жеткізілген, алайда сол күні кеште нәресте қайтыс болды. Дәрігерлер баланың отбасы әлі де ауруханада жатқанын айтады.

Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин 2018 жылы менингок инфекциясын жұқтырған 62 адам тіркелгенін мәлімдеді. Алматыда 30 жағдай тіркелген, ШҚО, ОҚО және Астанада төрт жағдайдан. Алматы облысында - үш жағдай. Жыл басынан бері осы аурудан сегіз адам көз жұмды. Төрт адам Алматы қаласында, Алматы облысында және ОҚО-да екі адамнан.