Мезгілсіз қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа кандидаттарды тіркеу басталды

0
1 910

Қазіргі таңда өзін-өзі ұсу тәртібімен бір кандидат құжат тапсырған.


Мезгілсіз қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа кандидаттарды тіркеу басталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланып, кенеттен көз жұмған Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа кандидаттарды ұсыну басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңір әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламаға сай, қазіргі таңда өзін-өзі ұсу тәртібімен бір кандидат құжат тапсырған.

«Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 1 кандидаттан құжаттар келіп түсті. Үмкіткер - Мелехов Сергей Владимировичтің ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталуда», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылды. Дегенмен кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін мәлім етті.

Кейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров марқұмның орнына жаңа сенатор сайлау қашан өтетінін мәлім етті.