Ми-8 тікұшақтарын ұшыру тоқтатылды

0
1 008

Бұл ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы.


Ми-8 тікұшақтарын ұшыру тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 тікұшақтарының ұшыру тоқтатылды, деп жазады тengrinews.kz.

"ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді. Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын.