Министр Біртанов коронавирустың тиімді тұсын атады

0
1 096

Министр әлемде коронавирус таралғалы бері қазақстандықтар жеке гигиенаны қатаң сақтап жүргенін айтты. Соның арқасында тұмаудың көрсеткіші төмендеген.


Министр Біртанов коронавирустың тиімді тұсын атады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықты бұқаралық шараларды шектеу тәртібін дұрыс түсінуге шақырды, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазіргі кезде "үкімет шектеу шараларын енгізу арқылы жалпыұлттық карантин енгізіп отыр" деген пікір бар. Олай емес. Бұл жерде көпшілік және мерекелік шараларға ғана тыйым салынады. Барлық қоғамдық орын жабылады деген әңгіме жоқ. Мемлекет басшысы да шағын және орта бизнес жұмыс істеуі керек деді. Сондықтан үйірме, секция және тағы басқа жерлерге баруға болады. Бұқаралық шаралар ғана уақытша тоқтатылады", - деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр коронавирустың тиімді бір тұсын атады. Оның сөзіне қарағанда, әлемде коронавирус таралғалы бері қазақстандықтар жеке гигиенаны қатаң сақтайтын болған. Соның арқасында тұмаудың көрсеткіші төмендеп отыр.

"Иә, қазірдің өзінде халықтың сақтық шараларын барынша сақтап жүргені байқалады. Себебі дәл осы уақытта жыл сайын респираторлық және вирустық аурулардың мауысымы басталатын. Биыл тұмаудың көрсеткіші төмендеп отыр. Міне, осындай бір оң нәтиже бар", - деп атап көрсетті Біртанов.

Тоқаевтың тапсырмасы

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі. 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, барлық қоғамдық ұйым арнайы режимге көшетді. Жалпы, мынадай шаралар қарастырылған:

  • Денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық көпшілік орындары, білім беру ұйымдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, қоммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі орындары, базарлар, қонақ үйлер, әуежайлар мен вокзалдарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізу;
  • Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға шектеу қою;
  • Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу;
  • Қоғамдық көлікті жуу мен дезинфекциялау, орта білім беру ұйымдарының 2020 жылдың 16 наурызы мен бастап 5 сәуірі аралығында каникулға шығуын қамтамасыз ету;
  • 16 наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру;
  • 1"а", 1"б", екінші және үшінші санаттағы елдерге халықаралық спорт, мәдени, туристік шараларға тыйым салу сияқты уақытша шектеу енгізу.