​Министр Қасымов сержанттарды офицер етуге асықпай отырған өңірлерді атады

0
1 332

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.


​Министр Қасымов сержанттарды офицер етуге асықпай отырған өңірлерді атады

ERNUR.KZ. Полиция сержанттарын офицерлік лауазымға ауыстыру жұмыстары бірқатар өңірде жүргізілмей жатыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жергілікті әкімдердің қолдауымен сержанттық лауазымдарды офицерлік лауазымдарға ауыстыру жүргізілуде. Қазір үш мыңнан астам лауазым офицерлікке ауыстырылған. Өкінішке орай бұл жұмыс тек үш өңірде - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында толық аяқталған»,- деді министр.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар 7 өңірде - Астана қаласында, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында жартылай өткізілген.

«Қалған өңірлерде бұл мақсаттарға әзірше қаражат бөлінген емес. Құрметті әкімдер, осы проблемаға назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл мәселені шешу полиция қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуге және кадр сапасын жақсартуға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Министр сонымен қатар әрбір облыс орталығында полиция қызметкерлері үшін отбасылық жатақхана салу мәселесі көтерілгенін еске салды.

«Бұл ретте, Солтүстік Қзаақстан облысы әкімдігінің тәжірибесі назар аударуға лайық. Екі жылдың ішінде бір жатақхана салынып, пайдалануға берілді. Екінші жатақхана құрылысы басталды»,- деді Қалмұханбет Қасымов.