Министр кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты

0
615

Сонымен қатар олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.


Министр кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты

ERNUR.KZ. Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.