Министр мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті

0
567

ҚР Білім және ғылым министрі жаңа ережелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әрі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы дайындалғанын айтты.


Министр мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті, деп жазады Zakon.kz.

ҚР Білім және ғылым министрі жаңа ережелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әрі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы дайындалғанын айтты.

Енді педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асатын болады. Айта кеткен жөн, аталған өзгерістер мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ, министр мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бұрынғыдай мектеп директорының таңдауы бойынша емес, арнайы байқау арқылы өтетінін айтты.

Бұған дейін нақты ереже болған жоқ, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін. Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес. Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетін болады. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес. Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов