Педагогтың мәртебесі Заңмен бекітіліп отыр.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөз
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтың мәртебелі болуы ең алдымен оның өзіне, оның біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты екенін айтты деп, хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен жылдың 31 желтоқсанында ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңға қол қойған болатын. Заңның негізгі мақсаты - педагогтардың мәртебесін арттыру, жүктемені азайту, педагогтарды күтпеген тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, педагогтар үшін өзге де ынталандыруларды белгілеуге байланысты мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу.
Бұдан басқа, заңда педагогтардың құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.
«Педагогтың мәртебесі Заңмен бекітіліп отыр. Бірақ, педагогтың мәртебесі тек заңмен ғана анықталмайды берілмейді. Педагогтың мәртебелі болуы ең алдымен оның өзіне, оның біліктілігі мен жеке қасиеттеріне және қоғамға байланысты. Біздің басты назарымызда – балалар, ал педагог, мектеп – жай ғана әрекет ету құралы болып табылады», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.