Бұл мәселе қарыстырылып отырған жоқ, деді министр.
ERNUR.KZ. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мүмкіндігіне пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.
"Бұл мәселе қарыстырылып отырған жоқ. Бұл ретте объективті тұстары бар. 1998 жылдан бастап жаңа жинақ жүйесіне көштік, яғни осы тұрғыда халықаралық тәжірибені зерттедік. Адамдар жинақ жүйесіне қатысуына қарай жоғары сомадағы зейнетақыны алады", - деп тоқталды Серік Шәпкенов.
Осы орайда ол зейнетке шығу жасын төмендетуді ведомство неліктен қарастырмай отырғанын түсіндірді.
"Зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне тоқталсақ, адамдар тиісті жинақты қалыптастыра алмауы мүмкін және зейнетақы өте аз болады. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмады. Бізде зейнетақы аннуитеті де ескерілген. Ер адамдар зейнетақы жинағының шекті деңгейін 55 жасқа дейін жинақтаса, өздері үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады", - деді министр.