Министрлік 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болатынын түсіндірді

0
869

Еңбек министрлігі 42 500 теңгеге берген өтінішті тексеруге мүмкіндік беретін жаңа функцияның іске қосылғанын хабарлады.


Министрлік 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болатынын түсіндірді
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тексеруге болатынын түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бүгінде өтінімді мақұлдағаннан кейін ақшаны есепшотқа жіберді ме, жоқ па, адамдар осыны жиі сұрайды. Олар ЖСН-ді жібереді де, сол бойынша тексеріп беруге өтініш жасайды", - деп жазды Мұқышев өзінің Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, министрліктің "цифрлық командасы" халықтың өтінішін ескеріп, бірнеше күннің ішінде бірқатар техникалық интеграцияны жасап шықты. Осылайша, 42 500 теңгенің жіберілгенін, я болмаса, жіберілмегенін білуге мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды.
"Енді, egov.kz және 42500.enbek.kz сайтында ақшаның статусын және қай банке жіберілгенін көруге болады. Егер өтінім мақұлданып, ақша жіберілсе, онда 5 қадамның статусы көк түске боялып тұрады. Ал ақша картаға түспесе, банкке хабарласу керек", - дейді Мұқышев.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 42 500 теңгеге берілген өтінім мақұлданып, есепшот нөмірінен қате кетсе, 5 қадамның түсі сары болып тұрады.
"Төменгі жағында жазу шығады. Онда есепшоттың дұрыс нөмірін алу үшін не істеу керектігі көрсетіледі. Біз ондай қателердің бір бөлігін өзіміз анықтаймыз, бірақ басқа бөлігі көрінбей қалады. Сонда банктер ақшаны қайтарып жатады. Ондайда өзіміздегі мәліметтер базасы арқылы немесе SMS арқылы басқа есепшот нөмірлерін іздеуге тура келеді", - деп атап көрсетті Мұқышев.