Министрлік: ​Бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі артады

0
354

Мақсат, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ көрінеу жалған ақпараттың таралуына жол бермеу.


Министрлік: ​Бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі артады

Президент Жарлықтарымен Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, ТЖ кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі артады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақсат, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ көрінеу жалған ақпараттың таралуына жол бермеу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты соңғы уақытта елде көрінеу жалған ақпараттың таралуы байқалады. Қалыптасқан мән-жайларды ескере отырып, ҚР бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау функцияларын орындайтын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі күшейетіні туралы хабардар етеді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 456-1- бабының 2- бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен көрінеу жалған ақпаратты орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Бұл ретте ӘҚБтК 57- бабының 9) тармақшасына сәйкес дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танылады. Сондай ақ телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-радиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК – нің 452-бабы 9-бөлігінің 3) тармақшасы).

Құқық тәртібін бұзуға немесе ұлтаралық және діни алауыздықты тудыратын әрекеттері, жеке және лауазымды адамдардың өздерінің заңды құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруына белсенді түрде кедергі келтіргені немесе қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын іс-әрекеттері, сол сияқты Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасында төтенше жағдай жарияланған аумақтарда жасалса, ӘҚБтК-нің 478-бабында қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу көзделген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 54-баптың 1- бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес төтенше жағдай және төтенше жағдай жағдайларында қылмыстық құқық бұзушылық жасауды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп таниды.

Мысалы, төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қылмыстық Кодекстің 274-бабы 4-бөлігінің 2) тармақшасы).

Осыған байланысты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың және мессенджерлердің назарын төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға қабілетті көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ өзге де құқыққа қарсы ақпаратты тарату фактілеріне жол бермеуге аударады.